Қоғам
Жұрттың үрейін туғызды
Өскемендегі «Казцинкке» қарасты күкірт қышқылы зауытының «Хальдор Топсе» қондырғысынан сары түтін шығып, жұрт үрейін туғызды.
Экология департаментінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын бастады. 13 қыркүйекке дейін зауытта жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Зиянды шығарындылардың артуы тіркелмеді. Қазір тексеруден өткізу үшін қондырғы жұмысы тоқтатылған.