Қоғам

Жүргізуші куәлігі үшін 1,2 млн. теңгеден астам қаражат берген

38 жастағы өскемендік әйел жүргізуші куәлігін бейтаныс  адамнан сатып алуға шешім қабылдаған.   Қысқа мерзімде жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген «мейірімді жан» қызметі үшін 1 240 000 теңге сұрапты.

Құжаты қолына тимеген келіншек ақыры полицияға жүгінуге мәжбүр болады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Алаяқтық жасаған 54 жастағы шемонайхалық тұрғын  өз іс-әрекетін толық мойындаған.

  • Қылмыс жасаушыға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.  Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кінәні мойындаған жағдайда күдіктіге екі жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button