Жұлдыз-жорамал: 3-9 шілде
Осы аптаға арналған жұлдыз-жорамалды назарларыңызға ұсынамыз.
3-9 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалды Didar ақпарат ұсынады.
Тоқты
Бұл – жетістіктер аптасы. Бұған дейінгі жұмыстарыңыз өз жемісін береді. Әлі де жоғары нәтижеге жету үшін барлық энергияңызды, жиналған тәжірибе мен біліміңізді қолданыңыз. Мұқият болыңыз және ештеңені назардан тыс қалдырмаңыз. Айналадағыларға қандай әсер қалдыратыныңыз да маңызды.
Торпақ
Алдыңыздан шыққан кез келген проблемадан мүмкіндік және құнды тәжірибе көзін көруге тырысыңыз. Өзіңізге сенімді болыңыз, қазір сіз үшін мүмкін емес нәрсе жоқ. Бұл апта – өзінше бір емтихан. Көп нәрсе сіздің жеке психологиялық күшіңізге және басқа адамдарды өз жағыңызға тарта білу қабілетіңізге байланысты болмақ.
Егіздер
Бар күш-жігеріңізді аямай, жұмысыңыз үшін ең жоғары баға алуға тырысыңыз. Күтпеген шығындар болуы мүмкін, бірақ күмән мен қорқынышқа берілмеңіз. Байсалдылық танытыңыз, шығындарды жақын арада өтей аласыз. Бар күшіңізді алатын, бірақ орнына ештеңе бермейтін істер мен қарым-қатынастардан арылыңыз.
Шаян
Нақты неге қол жеткізгіңіз келетінін елестетіңіз және барлық шығармашылық қабілетіңізді сонда жұмылдырыңыз. Жаңа кәсіп бастаңыз немесе басқа ауқымды жобаны қолға алыңыз, табысқа сеніңіз. Көп кешікпей бастамалардың алғашқы нәтижесін көре аласыз.
Арыстан
Бұл апта салыстырмалы түрде тыныш болмақ. Жақын арада қолыңыздағы күш, қаражат және ықпал сіз қалағандай көп болмайтынын ескерген жөн. Серіктестермен ымыраға келу және пікірлес жандарды өз жағыңызға тарта білген жөн. Алда оның пайдасы тиері анық.
Бикеш
Аздап демалып, жаңа кәсіби жобаларға дайындалыңыз. Күш жинаңыз, денсаулығыңызға көңіл бөліңіз, өйткені алда оған уақыт болмайды. Келесі аптадан бастап жоспарлаған жобаларды орындай бастауға мүмкіндік мол. Ал осы аптада жылдамдықты бәсеңдетіп, иммунитетіңізді көтеріңіз.
Таразы
Жұмыс тұрғысынан өнімді уақыт емес. Бірақ басқалармен араласып, ойыңызға түрлі идеялар келеді. Егер қазір жауапкершілікті арттырсаңыз, жақын арада мансап бойынша көтерілу мүмкіндігіне ие боласыз. Бұл сізді жаңа энергиямен және ынта-жігермен қамтамасыз етеді.
Сарышаян
Тау қопаратындай қуат шыңына жетесіз. Басқалар сіздің жетістіктеріңізді бірден бағалай қоймайды. Бұл аптада көптеген өзгерістер, сапарлар болуы ықтимал. Қаржылық инвестиция тартып, өз кәсібіңізді дамытуға, ойын-сауық пен саяхатқа шығуға қолайлы уақыт.
Мерген
Бұл апта іс-сапарларға, білім-біліктілікті арттыруға қолайлы кезең. Болашаққа арналған жоспарларыңыз өзгеруі мүмкін. Икемді болыңыз, жаңа жағдайларға бейімделуді үйреніңіз. Олар қандай болса да, бос жанжалдарға уақытыңыз бен жүйкеңізді құртпаңыз.
Тауешкі
Жобаңыздың әлсіз тұстарына мән беріп, түзетуге тырысыңыз. Ұжымның пікірін назардан тыс қалдырмаңыз, оларды қолдайтын қадамдар жасаңыз. Ішкі күмәннан арылып, сенімді түрде алға жылжыңыз. Бұл демалатын уақыт емес, дәл қазір әрекет етіп, нәтижеге қол жеткізіңіз.
Суқұйғыш
Бұл аптада сіз беделіңіз бен жағдайға әсер ету қабілетіңіздің шыңына жетесіз, сондықтан сізге артылған сенімді ақтауға тырысыңыз. Көшбасшылық рөлді және ауқымды жауапты тапсырмаларды өз мойныңызға алудан тартынбаңыз, қаржыны сауатты басқарыңыз.
Балық
Сізді жаңа және қызықты нәрселер күтіп тұр. Энергияңызды мақсатқа жетуге бағыттаңыз. Алдағы айда еңбегіңіздің жемісін көресіз. Жалқаулық пен баяулыққа жол бермеңіз. Басқа адамдармен ынтымақтастықта болу маңызды.