Қоғам
Жолаушының монологі
Жолаушымын мұңайған, жан серігім – көлігім,
Шұңқыр-шұңқыр жолдармен өтіп жатыр өмірім.
Түсінбейді-ау, аспанда ұшып жүрген көкелер,
Қара жолда қақсаған қарашаның көңілін.
Қайырмасы:
Миллион, миллион, миллион пұл қайда?
Жақсылап жолымды жамасаң болмай ма?!
Осынау жемқорлық асқынған заманда,
Қаржыға қарауыл болар ұл қайда?!
Бір жағымда МАИ тұр, ала таяқ қолында,
Шұңқыр атты «қақпан» бар әрбір басқан жолымда.
Қай қақпанға түссем де, құтылмаймын оңайға,
Қорқынышпен келемін бағым ба, әлде сорым ба?!
А.Пугачева орындайтын «Миллион алых роз» әнінің желісімен әзіл жазған – Мұратхан Кенжеханұлы
Суретін салған – Мерей Қайнаров
Р.С: Жаз туа жолдардың «жыртықтарын» жаматып жатқандардың «құлағына алтын сырға».