Қоғам

Жолаушылар жол азабын тартпасын деп жүр

Жолаушылар жол азабын тартпасын деп жүр

Соңғы жылдары«ОблШығысЖол»коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты№5 Күршім жол-өндірістік учаскесіндежылжымалы асфальт-бетон зауытыіске қосылып, кәсіпорынның өзі жұмысқа қажетті жаңа техникалармен, оған қажетті қосалқы бөлшектермен айтарлықтайдеңгейде жабдықталып келеді.Осының нәтижесінде жергілікті жолшылар қысы-жазы толассызәрі еш кедергісіз еңбек етуде.
– Елбасы былтырғы Жолдауында жер,су,әуе қатынастарын заманауи сұранысқа сай түбегейлі түрде дамыту жолынайқындап берді, – дейді кәсіпорын басшысы З.Тоқсанбаев. – Біздің саланың міндеті де сол –осы бағыттағыбарша жұмыстарды жауапкершілікпен атқарып, әрдайым міндет үдесінен шыға білу.
Біздің учаскенің қарамағында 496 шақырым жол және 4,5 шақырымдық паром өткелі,27 көпір, 400-ден астам жол асты құбыры бар. Өткен жылы жоспарлы жөндеу жұмыстары толығымен атқарылды әрі бөлінген қаржы түгелімен игерілді. Жұмыс өнімділігі алдыңғыжылменсалыстырғанда 25 пайызға өсті. Күршім-Қалжыр бағытындағы жолдың 55-70 шақырымындағы 11 мың шаршы метр жерде шұңқырларды тегістеу жұмыстары атқарылды. 30 мың шаршы метр жерге құмтас пен битум араластырылған жабын төселді. Асфальтты Сарыөлең ауылы іргесіндегі асфальт-бетон зауытышығарады. Мұндағы арнайы қондырғы5-70 мм мөлшеріндегі тастарды ұсатады. Елеуден өткен құм, битум, қиыршық тас және арнайы минералды ұнтақ қосылып барып, асфальтты-бетонды қоспа жасалады. Тиісті жерлерге жол белгілері қойылып, боялып, жол жиегінің шөбі жүйелі түрде шабылып тұрады. Егіндібұлақ елді мекеніндегі тұрақта үш техника, Ұранхай ауылында6 техника шоғырланған. Ондағы жұмысшылар тұратын үйлер отынмен қамтамасыз етілген.
«ОблШығысЖол» КМК алдыңғы жылы рейтинг көрсеткіші бойынша «Сала көшбасшысы» атағын жеңіп алып, Алтын белгімен марапатталғанын естіген болатынбыз. Ол жетістікке, әрине, күршімдіктердің де қосқан үлесі мол. Бұл ұжымда 46 адам жұмыс істейді екен. Жыл қорытындысы бойынша озат болып танылған машинист-тракторшы Бакотов Амангелді әкімшілік бекіткенкомиссия шешімімен Қазақстандағы өзі қалаған кез келген шипажайға тегін жолдама алу құқына ие болып отыр. Еңбекақы уақтылы, сондай-ақ, Наурыз, «Құрылысшы күні», Тәуелсіздік мейрамдарында, тоқсан қорытындыларында озаттарға ақшалай сыйлықтар беріліп тұрады. Еңбек өтіліне байланысты демалыс, мейрам күндеріжұмыс істегендерге тиісті көтермеақы төленіп отырады.
Кәсіпорын басшысы қоластындағы еңбекқор қауымға риза екендігін атап айтты. Тәжірибелі автогрейдерші Есмұхамбет Ұябаев, механизатор Қанат Нұртазин, қуатты тиегіш механизмнің жүргізушісі Асхат Асипов, Нұржан Қыранбаев, дәнекерлеуші Фархат Бәзікенов, жүргізушілер Әділбек Құрманбаев пен Кәкен Балықшынов ортақ іске сүбелі үлес қосуда. Жас болса да іскерлігімен көзге түсіп жүрген мастер Ұябаев Бағланға, техник-есепші Қизатаева Айнұрға ұжым мүшелерінің сенімі зор.
– Облыстағы басшымыз ауданның ерекшелігін ескеріп, 2014 жылы жаңа МТЗ-100 тракторын, «Нива» жеңіл автокөлігін алып берді.– дейді Зарымхан Рақымұлы сөзін жалғап. – Қар тазалайтын техникалардың қысқы доңғалақтары толығымен жаңаланды. Жаңа аккумуляторлармен, қосалқы бөлшектермен қамтуда іркіліс жоқ. Техникаға қажетті жанар-жағар май толық жеткізіліп,маусымға сәйкес май, тосолдаруақтылы ауыстырылады. Осылайша, қыс маусымына жан-жақты дайындықпен келдік. Соның арқасында жолдарымыз уақтылы тазаланып, бұл мәселе жөнінде шағыместіген жоқпыз.
Қалғұтыға таяу маңдағы «Ащыбасы»учаскесіндегі бастау абаттандырылып,жолаушылардың бір сәт тынығуына жақсы жағдай жасалғаны шынында да бүкіл аудан жұртшылығының ризалығын туғызды. Қазіргі кезде бастау төңірегі асфальтталып, арық жиегі таспен көмкерілді. Осы саланы ұзақ жылдар бойы басқарған белгілі жолшы марқұм Жұмахан Қасымжановқа арналып бастау басына құлпытас орнатылды. Алтай маралының мүсіні тұғырға қондырылды. Міне,осының барлығы жергілікті жолшылардың еңбегі.
– Бұдан былай дақаржы бөлініп, жоба жасалып жатса,- дейді З.Тоқсанбаев, – ұзын жолдың бойына жолаушылар аялдайтын демалыс бекеттерінтұрғызуға даярмыз. Ал өзімізге қарайтын мұз өткеліне келсек, соңғы жауған қарды Т-40 тракторымен тазалап, 2,5 тонналық белгі қойдық. Өткелдің өзі күнделікті бақылауда.

Хасен Зәкәрия

Күршім ауданы

Осы айдарда

Back to top button