Қоғам

Жол бойындағы кешен

Жол бойындағы кешен


Құндызды ауылының азаматы, кәсіпкер Махмут Мағауиннің «Қарауыл-Аягөз тас жолының бойынан «Мырза батыр кешенін» ашты.

Бұл жергілікті жұртшылыққа да, Аягөзден оңтүстікке бағыт алған жолаушылар мен жүк таситын ауыр жүк көліктеріне де кешенді қызмет көрсететін орын болады. Мұнда асхана, 15 адамдық қонақ үйі жұмыс істеп тұрса, автотұрақ, дөңгелек жөндеу, дәнекерлеу цехтары автокөліктерге техникалық қызмет көрсетеді. Сондай-ақ бұл кешенде мал бордықылау алаңы, арнайы талапқа сай жасалған мал сою орны да бар.

Жиналған жұртшылық алдында аудан әкімі Ж.Байсабыров құттықтау сөз сөйлеп, соңғы уақытты Құндызды ауылында жақсы жаңалықтардың орын алып отырғандығын атап өтті. Ауданға белгілі іскер азамат Махмут Мағауиннің «Мырза батыр кешенін» – Тәуелсіздік күні қарсаңында ашуын жақсы істердің басы деп, игі тілегін жеткізді.

Кешеннің ашылу сәтінен соң, ондағы өндіріс, қызмет көрсету орындары таныстырылды. Құрылыстың басшысы Махмут Мағауин өзі бастап асхана, қонақ үй, дөңгелек жөндеу, дәнекерлеу цехтарын аралатып, автокөліктер тоқтайтын автотұрақты көрсетті. Осы кешеннің мал шаруашылығы жөніндегі маманы Азамат Қасенбай жиналғандарды өндірістің жұмысымен таныстырды. Қазір мал бордақылау алаңында 800 тоқты, 100 бас ірі қара жеделдете бордақылауға қойылған. Сондай-ақ жиналғандар мал сою орнын көріп, онда барлық талаптың сақталып отырғандығын көрді.

Бүгінде бұл кешенде 12 адам жұмыспен қамтылған. Олардың жұмыс істеуіне толық жағдай жасалған, тұрақты еңбек ақысын ай сайын алып тұрады. Осы кешенді салуға М.Мағауин 30 млн. теңге қаржы жұмсаған.

Әсет Мырзақасым
Абай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button