ҚоғамТОП

Жол апатынан төрт адам мерт болды

Оқиға кеше сағат 22:20 шамасында Өскемен қаласынан 8 км жердегі Өскемен-Шемонаиха тас жолындағы Уварова ауылында болған.

Toyota Corona Premio және Toyota Vista көлігінің соқтығысуы салдарынан төрт адам, оның ішінде екі кәмелетке толмаған балалар оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Didar ақпарат тілшісі.

— Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлады ШҚО ІІД.

Осы айдарда

Back to top button