Қоғам

Жоба жаңа форматта өтеді

Айна Ескенқызы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Адал көмек» жобасы енді жаңа форматта жүзеге асырыла бастады. Алдағы уақытта азаматтарды қабылдау «Антикор орталығында» емес, әлеуметтік нысандарда, атап айтсақ, ауруханаларда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, әкімдіктерде және тағы басқа қоғамдық орындарда өтеді.

Жаңа форматтағы алғашқы іс-шара Өскемен қаласының №1 емханасында өтті. Іс-шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ш.Макашева, басқарманың заңгері Б.Айымканов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аға офицері Гүлнұр Бекбаева және аталмыш емхананың басшылығы қатысты.

Емханада өткізілген қабылдау барысында жеті өскемендік тұрғынға денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді алуға қатысты құқықтық кеңес берілді. Азаматтар аталған емхананың қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдары жоқ екендігін, тек тар шеңбердегі бейінді  мамандарға жазылу ұзақ екендігін атап өтті. Бұл мәселені денсаулық сақтау басқармасының өкілдері өз бақылауына алады.

«Адал көмек» жобасы аясындағы қабылдаулар алдағы уақытта Өскемен қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында, Алтай, Шемонайха, Күршім, Ұлан аудандарында және Риддер қаласында өткізілетінін еске саламыз.

Осы айдарда

Back to top button