Қоғам

Жұмыс тобы іске кірісті

Жұмыс тобы іске кірісті


Глубокое кентінде аудандық Достық үйінің директоры Жанар Қабидоллақызының ұйытқы болуымен «Туған жер» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде семинар өтті.

Түрлі сала мамандарынан жасақталған жұмыс тобының белсенді қатысуымен өткен жиында Жанар Қабидоллақызы Президенттің қоғамдық сананы жаңғырту жолындағы ұзақмерзімді жобасы – «Туған жер» бағдарламасын жан-жақты талдауға тырысты. Сонымен қатар модератор Елбасы мақаласында ұсынылған басым бағыттарға сәйкес аудан көлемінде атқарылуға тиіс жұмыстармен таныстырды.

Штаб жұмысы бойынша куратор, Глубокое ауданының әкімі Қалиқан Байғонысов, бағдарлама жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Раджан Сейітқанов, жобалық офис аудандық ішкі саясат бөлімінің міндетін атқарушы Ирина Портунова болса, «Атамекен», «Рухани қазына», «Тәрбие және білім», «Ақпарат толқыны» атты топтардың менеджері болып аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Е.Литвиненко, аудандық бос уақытты ұйымдастыру орталығының әдіскері А.Сапарова, аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Тишкинбаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қ.Даутов іске кіріскен.

Арнайы ұсынған тақырыптар бойынша еркін әңгіме өрбіткен семинарға қатысушылар да өз тарапынан ұсыныстары мен ойларын айтты. Нәтижесінде аталған бағдарлама аясында ауданда ауқымды шаралар белгіленген. Әсіресе, білім беру саласында оқушыларға патриоттық тәрбие беретін, туған жер тарихын тануға бағытталған іс-шаралар бірден мақұлданды.

Гүлнәр Мусина,
Глубокое ауданы

Осы айдарда

Back to top button