Қоғам

Жиырма жыл жөнделмеген жол қалпына келтірілді

Жиырма жыл жөнделмеген жол қалпына келтірілді


Жиырма жылдан астам уақыт қыртысына күрек тимеген Серебрянка қаласына кіреберістегі үш шақырымдық тасжол тақтайдай болып жөнделді. Көліктер аєылып жатыр.

Бұқтырма су қоймасының түбіне қазық қаққан бұл шаһарда моноқалаларды дамыту баєдарламасы қолєа алынєалы бері біраз шаруаның басы қайырылды. Соның біреуі, Әрі жолаушы қауымның арқасына аяздай батқан өзектісі жолдардың жаєдайы еді. Әсіресе, Өскемен-Зырян баєытындаєы күре жолдан Серебрянкаєа қарай бұрылатын үш шақырымдық трассаның ой-шұңқырлары көлікке мінген көп жұрттың мазасын май ішкендей тауысып-ақ келген. Енді міне сол мӘселенің түйіні шешілгендей.

– «Театр киім ілгіштен басталса», қаланың келбеті кіреберісінен танылуы керек. Шындыєын айтайын, жиырма жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген аудандық маңызєа ие бұл тасжол көңіл көншітерлік жаєдайда емес болєан. Аймақ басшысының қолдауы арқасында облыс қазынасынан 51 миллион теңге ақша бөлініп, трасс қалпына келтірілді. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Катонқараєай ПДУ» серіктестігі жүргізді, – дейді Серебрянка қаласының Әкімі Сергей Гордиенко.

Мамандардың айтуынша, бұл трассамен күніне 800-дей жеңіл мӘшине жӘне 300-дей жүк көлігі қатынайды.

Серік Әбілхан

Осы айдарда

Back to top button