Экономика

Жиырма тоғыз наубайхана жұмыс істеп тұр

Қазіргі таңда ауданда 510 дүкен, 37 дәріхана, 5 диірмен, 29 наубайхана, бір ет комбинаты, 4 кондитер цехы, 30 техникалық қызмет көрсету станциясы, 57 қоғамдық тамақтандыру орны, 4 базар және 90 қызмет көрсету нүктесі жұмыс істеп тұр.

Жиырма тоғыз наубайхана жұмыс істеп тұрСоңғы жылдары аудан көлемінде шағын кәсіпкерлік саласы жоғары деңгейде дамуда, атап айтқанда, ағымдағы жылы 14 сауда дүкені, 16 наубайхана, 16 дәріхана, 21 ветеринарлық дәріхана, 2 май тарту цехы, 8 халыққа қызмет көрсету орталығы іске қосылды.

Инфляциялық үдерістерді тежеу мақсатында 2012 жылы үздіксіз, әр жексенбі сайын аудан орталығында бекітілген кесте бойынша ауылдық округтердің қатысуымен 40 рет жәрмеңке өткізіліп, 63 242,3 мың теңгеге базар бағасынан 20-30 пайыз төмен бағада ауылшаруашылық тауарлары саудаланды.

Аудан көлемінде барлығы 29 наубайхана жұмыс істеп, елді нан өнімдері тұрақты түрде қамтамасыз етуде. Соның ішінде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 6 наубайхана ашылды. Барлық наубайхана иелерімен нанның бағасын тұрақтандыру мақсатында өзара меморандум жасалынған.

Облыс Әкімінің тапсырмасы бойынша тұрақтандыру қорынан бөлініп отырған әлеуметтік ұнның аудан аумағында нан бағасының тұрақтануына әсері мол. Ағымдағы жылы ауданға жеткізілген 1514 тонна әлеуметтік ұнның 554 тоннасы наубайханаларға бөлінсе, 960 тоннасы сауда нүктелері арқылы бір қабы 2750 теңгеден саудаланды.

Қазіргі кезде өңірімізде кәсіпкерлікпен айналысушы отбасылар жылдан-жылға артып келеді.

Бейсенғазы Ұлықбек

Үржар ауданы.

Осы айдарда

Back to top button