Қоғам

Жинағымды қайтара аламын ба?

Мен үш жыл бұрын зейнетақы жинағымды сақтандыру ұйымына аударған едім. Енді бұл ақшаның бір бөлігін кері қайтара аламын ба?

 Мадина Жомарт, Глубокое ауданы

 Сіздің сұрағыңызға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері жауап берді:

– Еліміздің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерге бірқатар өзгерістер енгізілді. Оның ішінде биыл 12 қыркүйектен бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 60-бабына да өзгерістер енгізілді.

Аталмыш баптың 14-тармағында зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан тұлғалар ол жасалған күннен бастап екі жылдан асқан кезде сақтандыру ұйымына сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және ақшаны Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару бойынша шарт талаптарын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы екендігі белгіленеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылуға жататын ақша сомасы оған өзгерістер енгізілген күнгі зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сатып алу сомасы мен зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнгі заңының 59-бабы 2-тармағында айқындалған төлем мөлшерін негізге ала отырып, есептелген сыйақы сомасы арасындағы айырмаға тең.

Басқаша айтқанда, сақтандыру ұйымында зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес айлық сақтандыру төлемінің мөлшерін өмір бойы қамтамасыз ететін сома қалуы тиіс.

Ал ақшаны Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару үшін салымшы сақтандыру ұйымына екі арада жасалған шарт талаптарын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс.

Осы айдарда

Back to top button