Жергілікті өнімдер арзан бағамен сатылады
Таяу күндері облыс орталығы Өскемен қаласында «Метро» деп аталған керемет супермаркет ашылмақ.
Супермаркеттің кереметтігі сол, онда тұрғындарға қажеттінің бәрі бар. Қарапайым шыттан бастап, тұрмыстық техниканың алуан түрін сол жерден табасыз. Ең бастысы, тауарлар толайым бағамен сатылады, арзан әрі сапалы.
Сауда орталығының құрылысын салу туралы бастаманы бұдан екі жыл бұрын облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ көтерген. «METRO Cash&Carry» компаниясының директоры Стивен Кригермен кездесіп, меморандумға қол қойған болатын. Нәтижесінде қаладағы ЖМК ықшамауданынан сауда орны бой көтерді.
Айта кетейік, «Mетрода» сатылатын тауарлардың 90 пайызы – жергілікті өндірушілердің өнімдері. Импорттық және дистрибьюторлық тауарлар
да бар. Супермаркет 400-ден астам жергілікті жеткізушілермен байланыс орнатыпты. Бұл өз кезегінде аймақтағы өндірушілермен жұмыс ауқымын кеңейтіп, артық шығынды азайтуға және фермерлердің тиімді бағаны белгілеулеріне көмектеседі.