Жерге қатысты былықтар енді ашылады
Кәмал Естай
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер қатынастары саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді бастады.
Бизнеске жер учаскелерін бөлу және олардың қолжетімділігі, сондай-ақ бизнес объектілеріне инфрақұрылымды жеткізу жөніндегі мәселелерде бармақ басты, көз қысты қылмыстарының бар-жоғын зерделеу мақсатында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 2020-2022 жылдардағы жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді.
–Осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін әркімнің пікірі маңызды. Сондықтан шығысқазақстандықтардан шетте қалмауды және азаматтық ұстаным танытуларын сұраймыз. Аталған мәселеге қатысты ақпарат, шағымдар мен ұсыныстарды analiz-vko@mail.ru электрондық мекенжайына немесе 8 776 864 44 48 WhatsApp нөміріне жолдауға болады, – деді антикор қызметінде.