Қоғам

Жәрдемақыны қалай ресімдеуге болады?

Алтын алқа және Күміс алқа белгілерімен марапатталған көпбалалы аналар жәрдемақыны қалай ресімдей алады?

 Зайра, Ұлан ауданы.

Сіздің сауалыңызға «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов жауап берді:

– Бұл жәрдемақы SMS-хабарлама арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында проактивті түрде ресімделеді. Оны ресімдеу үшін жеке куәлік, Алтын алқа және Күміс алқа белгілерін растайтын құжат пен банк шотының нөмірі сұралады.

Жәрдемақы мөлшері 20 352 теңгені немесе 6,4 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Осы айдарда

Back to top button