Қоғам

Жер кодексіне түзетулер енгізілді

Жер кодексіне түзетулер енгізілді

Парламент Сенаты «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қабылдады. Аталмыш заң жобасының басты мақсаты – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
Вице-министр бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 97,4 миллион гектары (98,8 пайыз) ұзақ мерзімге жалға берілгенін айтып, жеке меншіктегі жердің үлесі небәрі 1,2 пайызды ғана құрап отырғанын атап өтті. «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы мемлекеттік босалқы жерлер нарықтық айналымға тартылмаған күйінде қалып қоюда», – деді ол.
Осығын орай, Жер кодексіне телімдерді аукциондар арқылы жеке меншiкке беру, жалға берілген жер учаскелерін сатып алу бойынша жеңілдік шарттарын қарастыру, жалға алынған ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану бойынша шектеулерді және жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін алып тастау жөнінде бірқатар өзгерістер мен түзетулер енгізілген.

Осы айдарда

Back to top button