Қоғам

Жер кодексіндегі жаңалықтар қандай?

Жер кодексіндегі жаңалықтар қандай?

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды əрі тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін жерлерді нарықтық айналымға шығаруға бағытталған бірқатар шаралар қабылданды.
Жерлердің белсенді нарықтық айналымын ынталандыру жəне жер қорының экономикалық қайтарымын арттыру мақсатында 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан əрі – Заң) Қазақстан Республикасының заңымен Жер кодексіне бірқатар өзгертулер енгізілді.
Бірінші. Мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер телімдері ҚР жеке жəне заңды тұлғаларына аукциондар арқылы сату жолымен жекеменшік құқығына келесі ретпен берілетін болады:
Бірінші кезекте – жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыруды қарастыратын аукциондар арқылы.
Егер екі аукцион қорытындылары бойынша жер телімі сатылмаған жағдайда, ол жер телімінің бағасын кадастрлық құнынан белгіленген ең төменгі шекке дейін (кадастрлық құнының 50%-на дейін) төмендетуді қарастыратын аукционға қойылады.
Екінші. Бұған дейін жалға алынған жер телімдерін сатып алу бойынша жеңілдік шарттарын ұсыну. Бұл норма қазіргі жер пайдаланушылардың мүдделерін ескеріп, оларға бұрын ұсынылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін жалға алу мерзімінің соңына дейін, оның кадастрлық құнының 50%-ы көлемінде белгіленген жеңілдікпен, 10 жылға бөліп төлеу арқылы жекеменшігіне алу құқығын береді. Сонымен қатар, егер олар өз үлестерін шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталына салым ретінде немесе өндірістік кооперативтерге жарна ретінде салған болса, үлестері бар жер иелерінің құқықтарын қорғайтын норма да қарастырылған.
Үшінші. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалға алынған жерлерді пайдалану бойынша шектеулерді алып тастау. Ұсынылған норма жер пайдаланушыларына оны жалға алу құқығымен құқықтық мəмілелер жасауға, атап айтқанда, банкке салуға, бүкіл жалға алу мерзімі кезінде меншігінен шығаруға мүмкіндік береді. Бұл жер пайдаланушылар құқығының құндылығын арттыруға мүмкіндік беріп, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер үшін мемлекеттік қолдаудың пəрменді шарасы ретінде қызмет ететін болады.
Төртінші. Жер телімінің нысаналы мақсатын ауыстыру ресімін жеңілдету. Ауылшаруашылық жерлерінің пайдаланылуына жиі мониторинг жүргізу, барлық пайдаланылмай жатқан пайдалы жерлерді əрі қарай жекешелендіру үшін мемлекет қорына беру.
Жер кодексіне ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты нысандарды салу кезінде жəне аталған жер телімдерінде шаруашылық жүргізу түрін ауыстыру кезінде ауылшаруашылық жерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту рəсімін болдырмауды қарастыратын норма енгізілген. Əкімшілік кедергілерді алып тастау жəне шығындарын азайту арқылы шаруалар үшін қолайлы жағдайлар тудыру мақсатында ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты нысандарды салу кезінде жəне аталған жер телімдерінде шаруашылық жүргізу түрін ауыстыру кезінде ауылшаруашылық жерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту рəсіміне жол берілмейді.

Ауыл шаруашылығына арналған жер телімдерінің шетелдік азаматтарға берілуі туралы

Жер кодексінің нормаларына сəйкес шетелдік азамат ауыл шаруашылығына арналған жер телімін тек жиырма бес жылға дейінгі мерзімге жалға алуға құқымен ғана иелене алады. Ауыл шаруашылығы жерлері олардың жекеменшігіне берілмейді. Сатып алынған жер телімі сол құқық түрімен оған тиесілі бола алмайтын жағдайларда, үш ай ішінде бұл құқық түрі меншігінен шығарылуы немесе қайта ресімделуі тиіс.
Сонымен қатар, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ тұлғаларға жəне шетелдік заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының шекара маңы аймағында жəне шекара жолағында орналасқан жер телімдерін ұсынуға жол берілмейді.
Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай жатқан жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі жер телімін мəжбүрлі түрде алу туралы
Жер кодексінің 92-бабының 2-тармағына сəйкес егер құрылысқа арналған жер телімі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл бойы (егер жобалық-сметалық құжаттамада одан ұзағырақ мерзім қарастырылмаған болса) мақсатына сай пайдаланылмаса, онда мұндай жер телімі Кодекстің 94-бабында қарастырылған тəртіппен мəжбүрлі түрде қайтарып алынуы тиіс.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жекеменшігіндегі жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер телімдеріне бұл норманың қатысы жоқ.
Мұндайда Кодекстің 94-бабының 2-тармағына сəйкес жер телімін мəжбүрлі түрде алу туралы талап-арыз Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде қарастырылған жазалау шараларын қолданғаннан кейін ұсынылатын болады. Сонымен қатар мəжбүрлі түрде алу туралы талап-арыз берілген жазбаша ұйғарым мерзімі өткен соң ұсынылады.
Жер телімін мақсаты бойынша пайдалану шараларын қабылдау үшін берілетін мерзім жер телімінің мақсатына сай пайдаланылмауы туралы факті анықталған сəттен бастап бір жылға белгіленеді. Жер кодексінің 92-бабының талаптарына сəйкес, жер телімінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмау мерзімі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап есептеледі.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (əрі қарай – Кодекс) 97-бабы 3-бөлігіне сəйкес, ауылшаруашылық алқаптары айрық ша қорғалуға жатады. Бұл жерлерді ауылшаруашылық өндірісіне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол беріледі (осы Кодекстің 90-бабы). Ауылшаруашылық өндірісін, шаруа немесе фермер қожалықтарын жүргізу үшін жеке жəне заңды тұлғаларға берілген жер учаскелерінде жəне жеке қосалқы шаруашылықтың егістік телімдерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ нысандар, оның ішінде тұрғын үйлер (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейді. Осылайша, жер пайдаланушы жер учаскесін коммерциялық қызметке пайдалану үшін жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуі қажет. Ол Кодекстің 49-1-бабымен реттеледі.
49-1-баптың 2-бөлігіне сəйкес, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке жəне заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уəкілетті органы, не жергілікті атқарушы органның сəулет жəне қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі құзыреті шегінде қорытындылар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесін мəлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс дайындайды (Кодекстің 49-1-бабы 7-бөлігі).
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі өтінішті қабылдамау туралы жергілікті органның шешімі тиісті ұсыныстың комиссияға келіп түскен кезінен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту уəжді болуға тиіс (Кодекстің 49-1-бабы 12-бөлігі).

Жер учаскесін кепілге салу

Жер кодексіне сəйкес кепiлдікке берушiнің жекеменшiк құқығындағы жер учаскесi кепiл зат бола алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiнiң жəне жер пайдалану құқығының кепiлiне жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы ережелер қолданылады. (ЖК 76-бап) Жекеменшiк құқығында немесе уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығында жер учаскелерi бар жеке жəне мемлекеттiк емес заңды тұлғалар кепiлге берушi бола алады (ЖК 79-бап 1-б.). Жер учаскесінің кепілі немесе жер пайдалану құқығы – бұл кепілдің келісіміне, я болмаса, Қазақстан Республикасы заңдарына негізделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету тəсілі. Шаруаның жер учаскесін кепілге салу бойынша құқығы ерікті түрде жүзеге асады, оны ешкім еркінен тыс кепілге салу туралы келісімге қол қойдыра алмайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қолдану тиімділігін бақылау жөнінде
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қолдану тиімділігі Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен бекітілген (2015 жылғы 27-наурыз, №268) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану ережелерімен реттеледі. Ережелер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге, соның ішінде, егістік өнімділігінің құлдырауына, топырақ құнарлығының жойылуына, арамшөптердің жəне т.б. өсімдіктердің басып кетуі салдарынан жер учаскесінің ауыл шаруашылығы мақсатынан шығып қалуына жол бермеуге бағытталған. Жерлерді пайдалану мен қорғаудың мемле кеттік бақылауы бойынша жұмыстар жүргізуде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мəселелері өзекті болып отыр. Жергілікті атқарушы органдардың жерлерді пайдалану мен қорғауды бақылау бойынша басқармалары жерлерді тиімсіз пайдалану фактілерін анықтаған жағдайда оларға əкімшілік əрекет ету шараларын қабылдайды, тіпті, жерді тəркілеуге дейін бара алады.

«Егемен Қазақстан» газеті, 2016 жыл, 30-сәуір

Осы айдарда

Back to top button