КәсіпкерлікҚазақстанның үздік тауарыТОП

Шығыстың үздік кәсіпкерлері республикалық байқауда бақ сынайды

Өскеменде жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті.

Байқау қорытындысында «Өндірістік бағыттағы үздік тауарлар» аталымының жеңімпаздары болып Глубокое, Алтай аудандарының, Өскемен қаласының шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері танылды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Қатарынан озып, жеңіс тұғырынан көрінген жүлдегерлер мыналар:

1 орын – «Қазақстан өнеркәсіптік кәсіпорыны » ЖШС, Өскемен.

2 орын – «IZOTERM өндірістік сауда компаиясы», Глубокое ауданы.

3 орын – «Попов Виктор Сергеевич» ЖК, Алтай ауданы.

«Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша өскемендік кәсіпорындар жүлделі орындарды иеленді. Олар:

1 орын – «Arlan» ЖК.

2 орын –  «ПКП «Рауан» ЖШС.

3 орын –  «Shanyraq» ЖК.

«Үздік азық-түлік өнімдері» аталымында үздік деп танылғандар:

1 орын –  «Восток-Молоко» ЖШС, Өскемен.

2 орын –  «Алтын Казан ШҚ»ЖШС, Өскемен.

3 орын – «Дакиев Ержан Мейрамұлы», Шемонаиха ауданы.

Глубокое ауданының «Global Invest International» ЖШС («Бал маркасы» брендімен) көрермен ықыласына бөленген кәсіпорын, ал зайсандық «Qabyl Agro» ЖК белсенділік танытқан кәсіпорын аталымын еншіледі.

Үздіктердің үздігі деген атқа ие болған тоғыз шығысқазақстандық кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауарлары 2023» республикалық конкурсында бақ сынайды.

 

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button