Жемқорлықпен күрес

Жемқорлықпен жұмыла күреспек

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қазіргі заманның өзекті мәселесі болып қала беруде, себебі сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық дамуды тежеп қана қоймай, азаматтық және демократиялық институттардың толыққанды құрылуына кедергі келтіреді.

Сол себепті соңғы уақытта мемлекет тарапынан осы жағымсыз құбылыстың алдын алу мақсатында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Осыған орай Ұлан аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен жақын арада ауданының тұрғындарына арналған “Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу” жобасы өз бастауын алады.

Аталмыш жоба барысында семинарлар, мотивациялық кездесулер және Ұлан ауданының, сондай-ақ облысымыздың есімдері елге белгілі азаматтарының қатысуымен тікелей эфирлер өтеді.

Диас Кенжеұлы

 

 

Осы айдарда

Back to top button