Жемқорлықпен күрес

Жемқорлықпен күрестегі қоғамдық бақылаудың рөлі қандай?

Ұлан ауданында “Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу” жобасы жүзеге асырылуда.

15 тамыз күні аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде өткен кездесу барысында әңгіме сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту төңірегінде өрбіді. Кездесудің модераторы облыстық талдау және болжау институтының директоры Аяужан Әшімова қарапайым мысалдардың көмегімен күнделікті өмірде барлығымыз тап болатын жағдайларды келтіре отырып, заңға қайшы әрекеттерді ажырыта білу мен оларға заң негізінде төтеп беру жолдарын көрсетті.

Сонымен қатар іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықты тежеудегі қоғамдық бақылаудың рөлі, жергілікті қоғамдық кеңестер мен жергілікті қоғамдастық жиналыстарының осы бағытта атқарылатын жұмыстарға қосатын үлесі және әлеуметтік топтарды мемлекет тарапынан қолдау бағдарламалары туралы сөз қозғалды.

Аталмыш іс-шара Ұлан ауданы ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен “Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу” жобасының шеңберінде «Антарес А» қоғамдық қорымен жүзеге асырылды.

Диас Кенжеұлы

 

15 тамыздан кейін

Осы айдарда

Back to top button