ТОП

Жемқорлық тәуекелдерін анықтады

Айна Ескенқызы

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметінде бірнеше сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады. Бұл мәселе облыстық қоғамдық кеңестің отырысында қаралды.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев атап өткендей, “Ертіс” ӘКК-де жұмысқа қабылдау рәсімі регламенттелмеген, нақты лауазымға лайықты адамдарды іріктеудің нақты өлшемдері жоқ, үміткерлерді іріктеу кезінде бәсекелестік қағидаттары сақталмайды, келіп түскен түйіндемелер тіркелмейді.

– Бұл – корпорацияда кадр саясатын іске асыруда ашықтық жоқтығын, яғни, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Осының бәрі корпорацияның  негізгі міндеттерін орындау сапасына кері әсер етеді, – деді баяндамашы.

Сондай-ақ корпорацияның ішкі нормативтік құжаттарында мүдделер қақтығысы институты жоқ.

Жоғары дәрежедегі бірқатар жемқорлық тәуекелдері сонымен қатар тұрғын үй құрылысы және пәтерлерді сату кезінде, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру барысында, тұрақтандыру қорының қызметінде де анықталып отыр.

Баяндамашы барлық анықталған тәуекелдер бойынша тиісті ұсынымдар берілгенін, олардың орындалуы департаменттің бақылауында екенін айтты.

Осы айдарда

Back to top button