Қоғам

Жел электр стансасын салуға келісім жасасты

Жел электр стансасын салуға келісім жасасты


Алматыда «Ecosustanaible Group LTD» және «Spain Consalting» компаниялары арасында 2017 жылы Тайынты маңынан қуаты 24 МВт-тық жел электр стансасын салу туралы инвестициялық-қаржылық келісімге қол қойылды.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру келісімін жасау рәсіміне Ұлан ауданының әкімі мен станса құрылысының кеңесшісі қатысты. Жоба бойынша жел электр стансасы Ұлан ауданының Жоғары Тайынты ауылынан оңтүстікке қарай 15 шақырымдай жерде салынбақ.

Отандық «Spain Consalting» ЖШС-нің испаниялық, германиялық инженерлік компаниялармен бірлесе ұсынып отырған Тайынты жел электр стансасы жобасының инвесторы – шетелдік «Ecosustanaiblе Group LTD» компаниясы.

Жел электр стансасының құрал-жабдықтары жазда Испаниядан кемемен Ресейге жеткізіліп, одан бері қарай автокөлікпен әкелінбек. Жылына 65 млн. кВ/сағ энергия өндіретін электр стансасының бір бағанының биіктігі 120 метрді, оның ебелектерінің ұзындығы 60 метрді құрайды. Құрал-жабдықтарды құрастырып, жинауды испандық мамандар жүргізсе, құрылыс барысы мен сапасын германиялық мамандар қадағалайды. Жел электр стансасын салуға жергілікті құрылыс компанияларын тарту көзделініп отырғанымен, әзірге ол жағы нақтыланған жоқ.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button