Қоғам

ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ЖЕТІ МЕДАЛЬ АЛДЫ

        Ақтау қаласында жекпе-жек сайысынан Қазақстан чемпионаты өтті. Дүбірлі жарысқа еліміздің 11 облысынан мықты деген 190 саңлақ қатысты.

Облыстық таэквондо және жекпе-жек сайысынан федерация президенті Мерхат Болатханұлы мен бапкер Айбек Қайсаровтың шәкірттері бұл жарыстан олжалы оралды. Атап айтқанда, шығысқазақстандықтардың қоржынында бір алтын, үш күміс, үш қола  бар.

– Ақтауға біз болашағынан үміт күтетін тоғыз жекпе-жек шеберін апардық. Тартысты бәсекеде шәкірттерім жерге қаратпады. Атап айтқанда, Айбек Қайсаров екеуіміздің шәкіртіміз Әсел Жамақаева 75 келіден жоғары салмақта қарсыластарының барлығын қапы қалдырып, алтыннан алқа тақты. Нұрасыл Айтжанов, Бақытжан Дүйсенбаев, Дархан Дауытханов күміс, ал Ринат Махмудов, Нұрболат Жұмабеков, Артем Рогальский қола медальды қанағат тұтты. Алда тағы бірнеше дүбірлі жарыстар тұр. Оған қызу әзірленудеміз, – дейді федерация президенті Мерхат Болатханұлы.

Оңдасын Елубай

Осы айдарда

Back to top button