Қоғам

Жеке куәліктер түрлі-түсті болады

Жеке куәліктер түрлі-түсті болады

Биылғы 1-желтоқсаннан бастап елімізде азаматтардың жеке куәліктерін түрлі-түсті етіп шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми органның ақпаратына сүйенсек, Қазақстан азаматының жаңа жеке куәлігінің дизайны өзгертіліп, қара-ақ түсті фотосурет түрлі-түстіге алмастырылып, құжаттың түс гаммасы, ашықтығы және анықтығы жақсармақ.
Сондай-ақ, жеке куәлікті қорғаудың барлық деңгейлері сақтала отырып, жаңа элементтермен толықтырылған. Атап айтқанда, құжатты қорғаудың қосымша элементі енгізілді: жеке куәліктің беткі жағының оң жағында кішірейтілген түрде құжат иесінің голографиялық суреті орналасқан, бұл – жеке куәліктерді жасанды жолмен жасаудан қорғаудың ең жоғарғы деңгейі.
Түрлі-түсті фотосуретпен жеке куәліктерге ауыстыру азаматтардың қалауы бойынша жүзеге асырылатын болады. Жеке куәлікті алу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы бұрынғыдай айлық есептік көрсеткіштің 20 пайызы көлемінде белгіленген. Қазір ол 370,4 теңгені құрайды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button