Қоғам

Жеке кәсіпкерге бес млн теңгеден астам қарыз

 Айна Ескенқызы

 «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорыны жеке  кәсіпкерге бес млн теңгеден астам қарыз болып қалған.

Кәсіпкер облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бизнесті қорғау жөніндегі жұмыс тобына шағымдануға мәжбүр болыпты. Өз өтінішінде кәсіпкер «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғалары 2022 жылдың қыркүйегінен бастап кәсіпкер алдындағы 5,4 млн теңге сомасындағы мемлекеттік сатып алу шарты бойынша борыштық міндеттемелерін орындамағанын көрсеткен.

Тауарды жеткізуші кәсіпкер шарт бойынша барлық міндеттемелерді толық орындаған, бұл екі тарап қол қойған тауарды қабылдау-беру актісімен расталады.

Антикор, облыстық прокуратура және «Атамекен» ӨКП араласқаннан кейін осы мәселе бойынша жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Нәтижесінде «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорны тауар жеткізуші алдындағы қарызын толық төледі.

Осы айдарда

Back to top button