Қоғам

Жазушылар алаңы мен дәрігерлер аллеясы ашылмақ

       Ұлттың ұлы тұлғасының есімін алған Абай облысының орталығы – Семейдің  сәні мен мәні артып келеді. Алдағы уақытта Семей қаласының Жамақаев көшесіндегі тарихи ескерткіштер аллеясы жанынан жазушылар алаңы мен дәрігерлер аллеясы ашылмақ.

– Бұл учаске жаяу жүргіншілерге арналған. Көше бойында көптеген оқу орны бар, мысалы: Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжі, мектептер, балабақшалар. Демалуға, шығармашылыққа және спортқа арналған тақырыптық аймақтарды құра отырып, осы алаңда тұрғындарға жайлы жағдай жасау қарастырылады, – деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қала көшелерін аралау кезінде. Алдағы уақытта саябақ қайта құрылып, осы жерде жазушылар алаңы мен дәрігерлер аллеясы пайда болады.

Аллеяда жаттығу алаңынан бөлек фаст-фудқа арналған павильондар мен шығармашылыққа арналған орындар, жаяу жүргіншілер аймағын құру жоспарлануда.         Шаһарда келер жылы саябақтарды абаттандырудан кейін  қала тұрғындары үшін, оның ішінде халықтың мобильділігі төмен топтары үшін жайлы және қауіпсіз кеңістіктер құру жұмыстары жалғаспақ.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button