Қоғам

Жайтөбеге самұрық «қонды»

Жайтөбеге  самұрық «қонды»


Мақаншы ауылы күн өткен сайын жаңғырып, өркендеп келеді. Ауылдың іші мен сырты қазір «кірсең шыққысыз» дейтіндей әсем күйге енген.
Елді мекенге кіреберісте шөккен нардай болып жатқан Жайтөбе тауының бауырында қой өргізген шопанның да, жылқы, арқар, елік, бұғының да архитектуралық бейнелері әдемі орын тепкен.
Мақаншының ішінде де осындай жан-жануарлар мен аң-құстарға арнайы орын бөлінген. Ауылдық округ әкімі Советхан Қалиевтың айтуынша, бұл ең алдымен өскелең ұрпақты тәрбиелеуімізге оңды ықпал етеді.

-Ауылымыз «Бақты-Таскескен» автожолының бойында орналасқандықтан, біз ең алдымен қандай да бір нысанның эстетикалық тұрғыда әсем болып шығуына көп көңіл бөлеміз. Өйткені, мына жағы шетелге қарай шығатын Бақты кедені болса, мына жағы – толқыны аунақшыған айдынды Алакөл. Осы жерлерге қарай ат арылтқан барша қауым Мақаншының үстінен жүріп өтеді. Солар ауылдың сәні мен салтанатына қызыға қарап өтсе дейміз. Ежелден «Ауылына қарап, азаматын таны» дейтін қазақ емеспіз бе… Жайтөбеге ерекше көрік беріп, үйлесіп тұрған мына самұрық құсты таяуда ғана орнаттық. Бойы да, тұрқы да атты кісіге парапар алып құсты Алматыда тұратын Аманжол Сүлеев деген ағамыз жасады. Ол кісі сондай-ақ, осындағы тауешкі мен бұғының да авторы. Ойға алған жоспарларымыз көп. Алла қаласа, алда оларды көре аласыздар,-дейді Советхан Қалиев.

Берікхан Тайжігіт

Үржар ауданы.

Осы айдарда

Back to top button