Оқиғалар

Жай түсіп, тірі қалды

Біреу сенер, біреу сенбес, бірақ бұл болған оқиға. Риддерде Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қызметкері жай отынан аман қалыпты.

Жай түсіп, тірі қалдыАуа райының бұзылып тұрғанына қарамастан, атына мініп алып күнделікті әдетінше аумақты аралап келуге аттанған 46 жасар қорық қызметкері оқыс оқиғаға тап болады. Жарқ еткен жай оты оның атына түсіп, сұлатып салады. Қамбар ата түлігі сол мезетте-ақ өліп кеткен, ал қорықшы денесінің 15 пайыздайын жалын шалған. Шашы, мойыны, кеуде тұсы мен оң жамбасының төменгі жағы 1,2 дәрежелі термиялық күйікке шалдыққан. Қазір ажал аузынан қалған азамат қалалық аурухананың травматология бөлімінде емделуде. Дәрігер мамандар оның жағдайын орташа деп бағалаған.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдері болса адамның жай отынан тірі қалуы бұған дейін кездеспеген таңғажайып оқиға деп бастарын шайқап отыр.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button