Қоғам

Құжаты жоқ қарттар үйі

Құжаты жоқ қарттар үйі

Бүгінде облыста 16 әлеуметтік медициналық мекеме болса, соның 8-і қарттар үйі.
Қарттар үйінің тұрғындары үсті-үстіне көбеймесе, азайып отырған жоқ. Облыста қарттарға, жетім-жесірге көмек көрсетуді мақсат еткен әлеуметтік бизнес түрімен айналысушылар да табылып жатыр.
Сондай бір жекеменшік мекеме былтырдан бері Глубокое ауданының Тарханка ауылында ашылып, жұмыс істеп жатыр. «Обитель» деп аталатын жекеменшік мекеме тұрғындарының жағдайымен танысуды ниет етіп келген облыстық қоғамдық кеңестің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі жұмыс тобы бұл мекеменің осы қызметпен заңсыз айналысып жатқанын анықтады.
– Қарттар үйінде орын жоқ болып жатқан шақта жалғызбасты қарияларға баспана болар осындай жекеменшік мекемелердің болғаны жақсы, әрине. Бірақ «Обитель» мекемесінің құрылтайшысы Галина Пелепенконың қолында осындай әлеуметтік бизнеспен айналысуға рұқсат алған ешқандай құжат жоқ, бұл іспен заңсыз айналысып жатыр. Осында тұрып жатқан сегіз қария жекеменшік мекемеге ай сайын 60 мың теңге төлеп келеді, осыншама қаржыны ала отырып, мекеме қызметкерлерге оларға сапасыз қызмет көрсетіп отыр, қариялар медициналық мекемелерге де тіркелмеген, -дейді жұмыс тобының төрайымы Татьяна Чернышова

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button