Қоғам

«Жасылелдіктер» мерейтойларын атап өтті

«Жасылелдіктер» мерейтойларын атап өтті

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қолдауымен құрылған жалпыұлттық «Жасыл ел» қозғалысына биыл 10 жыл толып отыр. Осыған байланысты Астана қаласында бірқатар мерейтойлық шара ұйымдастырылып, оған облыстар мен қалалардан келген жастар делегациялары қатысты.
Мәселен, 12-14 қараша аралығында Білім және ғылым министрлігі мен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының республикалық штабы бірлесіп ауқымды іс-шаралар, спорттық жарыстар, сондай-ақ, жалпыұлттық қозғалыстың 10 жылдағы жетістіктеріне арналған баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.
Сондай-ақ, бұл күндері «Жасыл ел» жалпыұлттық бастамасының қалыптасуы және дамуы» атты кітаптың тұсаукесері де өтті. Ал Бейбітшілік және келісім сарайында барлық аймақтың жастары қатысқан «Жасыл ел» жасақтарының оныншы еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында номинациялар бойынша жыл үздіктері анықталып, ардагерлерге құрмет көрсетілді.
Айта кетер жайт, 10 жылдың ішінде «Жасыл ел» жасақтарының қатарына 200 мыңнан астам жас қабылданыпты. Олардың күшімен миллиондаған ағаш отырғызылып, 100 мыңнан астам гектар жер өңделген екен.

Шығыс-ақпарат

Осы айдарда

Back to top button