Сайлау-2022

Жастарға жол беру керек

Президенттікке Кандидат Мейрам Қажыкен Қаскелең қаласында мұғалімдермен және Жамбыл политехникалық колледжінің студенттерімен кездесті.

Ол сайлауалды бағдарламасын баяндап, мұғалімдерге жүктеме жыл сайын артып келетінін, ал жалақы сол қалпы өспейтінін айтты.

– Мұғалім қызметін қиын еңбек жағдайына байланысты жұмыспен салыстыруға болады. Зиянды және қиын еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдар үшін ерте зейнетке шығуды қайтару қажет, – деді Мейрам Қажыкен.

Үміткердің айтуынша, жастарда «жақсы жалақы алу үшін қандай мамандық таңдау керек» деген ой болмауы керек.

– Жастарға өз кәсібилігін арттыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек. Жастарға бар салада жол ашу қажет, – деді кандидат.

Тараздағы Жамбыл политехникалық колледжінің студенттерімен кездесуде үміткер жастар саясаты тақырыбын айналып өтпеді. Мейрам Қажыкен жас ұрпаққа барлық салалар бойынша өзін-өзі дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді ашу маңызды екенін атап өтті.

Осы айдарда

Back to top button