Қоғам

ЖАСТАРҒА ТӨМЕН ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

Биылдан бастап кәсібі бар немесе кәсіппен айналысуды жоспарлап жүрген жастарға 2,5 пайыздық шағын несие беріледі.

Бастама 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында қолға алынып отыр. Жобада кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін немесе айналысып жатқан 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға конкурстық негізде шағын несие беру қарастырылған.

Мемлекеттік органдардың, өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің Риддер қаласы тұрғындарымен өткен кездесуінде жастарға жеңілдікпен 2,5 пайыздық несие алудың шарттары түсіндірілді.

– Шағын несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыздан аспайды. Ең жоғары қарыз сомасы 5 млн теңге және несие алу үшін кепілдік болуы керек, – дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button