Үздіксіз білім алу жастардың дағдысына айналуы керек
Бүгінгі таңда мектеп қабырғасындағы жастар өз қызығушылықтарын адал жолмен монетизациялаудың жолдары қандай және бұл сұрақта мемлекет нендей көмек беруде? Осы және өзге де мәселелер Таврия ауылында ұйымдастырылған кездесуде талқыланды.
Жергілікті білім ордасының 9-11 сынып оқушыларына арналған іс-шара барысында ШҚО Азаматтық Альянстың төрағасы Аяужан Әшімова жиналғандарға облысымыздың өзге елді мекендерінде өз ісін сәтті дөңгелетіп отырған құрдастарының тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар Аяужан Тұрсынбекқызы өз сөзінде сапалы білімнің маңыздылығын ерекше атап өтті. Алайда, білім алу үрдісі тек мектеп табалдырығымен ғана шектелмей күнделікті дағдыға айналу қажет. Осының арқасында әр азамат өзі таңдаған кәсібінің білікті маманы болып қана қоймай, білімнің жеткіліксіздігінен туындайтын заңға қайшы, атап айтсақ жемқорлыққа итермелейтін жағдайларға тап болмауға мүмкіндік алады.
Аталмыш іс-шара Ұлан ауданы ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен “Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу” жобасының шеңберінде «Антарес А» қоғамдық қорымен жүзеге асырылды.
Диас Кенжеұлы