Қоғам

Жастарды жігерлендірген кездесу

Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде 9, 10 және 11-сынып оқушыларына арналған мотивациялық кездесу өтті.

Аталмыш іс-шараны «Антарес А» қоғамдық қоры Ұлан ауданы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында іске асырды.

Кездесу барысында қатысушылар тайм-менеджмент, кәсіби бағдарлау, волонтерлік, құмар ойындардың қоғамымызға тигізетін кесір кесапаты және өзге де түйткілді мәселелер туралы талқылауға қатысты. Жас буын өкілдері өз ойларын ашық айтып, өз ұстанымдарын ұтымды жеткізе білді.

Диас Кенжеұлы

 

Осы айдарда

Back to top button