Қоғам

Жастарға кеңінен кеңес берілді

Жастарға кеңінен кеңес берілді
«Нұр Отан» ХДП Семей қалалық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты және саяси менеджмент мектебі «Жастар – ауылға!» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Тренингке партияның аудандық филиалдары жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшылары қатысты.

Семинар-тренингте Парламент Мәжілісінің депутаты М.Бегентаев жастармен кездесті, олардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Жиын барысында «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» өкілдері өз бағдарламаларын кеңінен түсіндіріп, жас отбасыларға берілетін баспана мен кәсібін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге көрсетілетін қаржылай қолдау тетіктерін таныстырып өтті. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының жастар саясаты бойынша кеңесшісі Нұртаза Сұңғат «Жас Отан» жастар қанатының мүшелеріне әлеуметтік желілерді тиімді пайдаланудың қыр-сырын үйретті.

Сондай-ақ, Семей қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты бірлесіп, орталық саябақта мемлекеттік грантқа ие бола алмаған талапкерлерге арналған мамандықтар жәрмеңкесін өткізді. Шара барысында талапкерлер қаланың жоғары оқу орындары мен колледждеріндегі сұранысқа ие мамандықтармен танысып, оқу ақысын төлеу үшін банктерден несие алу мүмкіндігі туралы ақпараттар алды.

Осы айдарда

Back to top button