Қоғам

Жастар ұсыныстары талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауларында жастарға қолдау таныту, олардың қабілеттерін дамыту, тиісті жағдайлар жасау мәселесіне баса назар аударып келеді.

Ауданда жастарды қолдауға арналған «Дипломмен – ауылға», «Жастар  іс-тәжірибесі», «Жасыл ел» сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар шеңберінде жұмыстар жалғасуда.

Жастар ресурстық орталығында өткен ІІІ аудандық жастар форумына қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген жалынды жастар қатысып, жыл қорытындысы шығарылды, жұмыс жайы сараланды.

Форумда аудан әкімінің орынбасары Райым Нұрғалиев құттықтау сөз сөйлеп, жыл бойы жергілікті жерде жастар саясатын жүзеге асыруға өз үлесін қосып жүрген белсенді жастарды 12 аталым бойынша марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті.

Шара жас өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Жарма ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Осы айдарда

Back to top button