Қоғам

Жастар есірткіге қарсы шеруге шықты

Жастар есірткіге қарсы шеруге шықты

Қатонқарағай ауданында есірткіге қарсы жастардың «Біздің тақырып есірткі емес» атты акциясы өтті.

Аудан орталығы Үлкен Нарын ауылының көшелеріне транспаранттар ұстап шыққан жастар есірткіге қарсы екендіктерін білдірді. Олардың қолдарындағы қағаздарда «Біздің тақырып есірткі емес», «Өміріңді қай қырынан болсын бағалай біл», «Есірткіден аулақ!» деген ұрандар жазылған.

Аудандық жастар орталығының өкілі Жанна Дүспектің айтуынша, іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты ауданда жастар арасында белең алуы мүмкін жаман әдеттердің алдын алу, жастарға есірткі деген дүниенің кесірін түсіндіру, жалпы қоғамның осы мәселеге назарын аудару болып табылады.

Жиын соңында жастар аудандық кітапханада бас қосып, «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбындағы танымдық көрсетілімдерді тамашалады

Серік Әбілхан

Осы айдарда

Back to top button