Жастар елді мекендерді көгалдандыруға дайын
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде 2016 жылғы «Жасыл ел» маусымы салтанатты түрде ашылды.
Сол күні Глубокое ауданы, Солнечное кентіндегі қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде облыстағы жастар орталықтарының директорлары ағаш отырғызды. «Жасыл ел» бағдарламасы облыс аумағындағы Абай, Тарбағатай аудандары мен Өскемен, Семей қалаларында белсенді жүзеге асырылып жатыр. Жер-жерлерде көшет ағаштарын егуге ауыл болып кіріскен. Ал облыстағы «Жасыл ел» штабы биыл республикалық квотаға сәйкес құрамына жастар қабылдап жатыр. Еңбекпен біте қайнасып өсіп келе жатқан жастар елді мекендерді көгалдандыруға, абаттандыруға дайын.
Еңбек жасағының басты – мақсаты жастардың жазғы демалыс маусымын тиімді өткізулеріне жағдай жасау. Ауқымды іс-шараларды жүзеге асыратын «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының облыстық штабы өткен жылы он жылдық жұмыс қорытындысы бойынша республика көлемінде ең үздік штаб ретінде марапатқа ие болды.
Мерей Қайнарұлы