Қоғам

Жас құтқарушылар жеңіспен оралды

Жас құтқарушылар  жеңіспен оралды


Ресейдің Сан-Петербор қаласындағы «Зеркальный» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының базасында «Қауіпсіздік мектебінің» ІІІ халықаралық жарысы ұйымдастырылды.

Бір аптаға созылған жарыста жас құтқарушылар төтенше жағдай кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек түрлері мен апаттық техногендік құтқару жұмыстарының қалай жүргізілетінін паш еткен. Бұдан бөлек, жарысқа қатысушы командалар «Өрт эстафетасы», «Кросс-эстафета», «Кедергілер жолағы», «Іздеу-құтқару жұмыстары», «Аман қалу маршруты», шығармашылық байқау сынды кезеңдерде бақ сынасқан.

Аталмыш жарысқа еліміздің намысын қорғау үшін барып қайтқан Өскемендегі «Жас құтқарушылар» мектебінің тәрбиеленушілері Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Сербия, Польша, Қырғызстан республикаларынан, Ресей Федерациясынан, Санкт-Петербор қаласы мен Ленинград облысынан келген командалармен сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша өскемендік жас құтқарушылар тобы жалпы есепте төртінші орын алып, «Жеңіске деген ынтасы үшін» дипломымен марапатталды.

Ажар Сағатбекова

Өскемен.

Осы айдарда

Back to top button