Қоғам
Жас сәулетшілер бәсекеге түседі
Өскеменнің жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі «Óskemen sáýlet–2022» жас сәулетшілер конкурсын жариялады.
30 қарашаға дейін жас сәулетшілерге қала көшелерінің, скверлері мен саябақтарының жоспарларын әзірлеу ұсынылды. Олар жаңа идеялар, көркемдік шешімдер табуы қажет. Конкурс қорытындысы 1-10 желтоқсан аралығында шығарылмақ.