Қоғам

Жас инноватор 1 миллион теңгені ұтып алды

Жас инноватор  1 миллион теңгені ұтып алды

Еліміздегі тұңғыш антивирустық бағдарламаны әзірлеген өскемендік жас инноватор Сергей Алешин жыл сайын өткізілетін инновациялық бизнес-жобалардың «NIF$50K» республикалық байқауында үшінші орынға ие болды.
– Төл антивирустық бағдарламамызды әзірлеу туралы идея 2010 жылы туындаған болатын. Осылайша, тұңғыш қазақстандық «Альтаир» антивирусы пайда болды. Қазір өнімнің «AWS Core» (Альтаир Workscape Security) деп аталатын төртінші нұсқасы шықты, – дейді өз өнімі жайында Сергей Алешин.
Бүгінде Қазақстан бойынша аталмыш антивирустық бағдарламаны қолданатындардың саны 20 мыңға жетеді. Олардың арасында мемлекеттік мекемелермен қатар, қарапайым тұтынушылар да бар көрінеді.
«NIF$50K» байқауын еліміздің Инвестиция және даму министрлігінің қолдауымен Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі ұйымдастырғанын атап өткен жөн.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button