Сайлау-2022

Жас аналар жарқын болашақты таңдады

Өскемендегі облыстық Ана мен бала орталығында жатқан жас аналар да бүгінгі саяси науқаннан тыс қалмай, өз таңдауын жасады. Олар №60 жабық сайлау учаскесінде дауыс берді. 

– Мен жақында ғана ана атандым. Ана мен бала орталығында жатсамда еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Себебі еліміздің әр тұрғынының дауысы маңызды екенін білемін, – дейді Қымбат Мақатаева.

Сайлау күні қарсаңында өңірде 16 сәби, яғни 9 ұл, 7 қыз бала дүние есігін ашқан.

– Бізде сайлау жабық түрде өтеді. Яғни орталықта жатқан болашақ аналар мен жас аналар дауыс беруде. Тізім бойынша 237 сайлау бюллетенін алдық. Сағат 09.00-ге дейін 170 әйел дауыс беріп үлгерді, – дейді комиссия мүшесі Әсия Жұрқабаева.

Естеріңізге сала кетейік, облыстық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, бүгін Шығыс Қазақстан облысында барлығы 549 сайлау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде 12 аумақтық, 537 учаскелік комиссия бар.

Ләззат Қанатқызы

Осы айдарда

Back to top button