Қоғам

Жарықтың бағасын үш ай төлеп береді

Жарықтың бағасын үш ай төлеп береді

AES компаниялар тобы өңірімізде тұрып жатқан Ұлы Отан соғысы ардагерлері тұтынған электр энергиясының құнын төлеп беруге қаржы бөлді.

Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай «Шығысэнерготрейд» ЖШС абоненті болып табылатын әрбір ардагерге сыйлық ретінде 600 кВт*сағат қуат беріледі. Аталмыш компанияның басшылығы сәуір, мамыр, маусым айларына әрбір ардагердің есепшотына 2500 теңгеден аударып отырады. Осы орайда, бұл санаттағы азаматтардың қатарына соғысқа қатысушылар мен мүгедектер, Ленинград блокадасының бұрынғы тұрғындары мен концлагерьлердің тұтқындары, майданда қайтыс болған жауынгерлердің жесірлері кіретінін айта кеткен жөн. AES компаниялар тобының директоры Дүйсен Мерғалиевтың айтуынша, электр қуатының бағасы төленгендігі жөніндегі құжаттарда «Қазақстандағы AES компаниялар тобы тарапынан төленген» деген жазу болады.

– Бұл акцияны жеті жыл қатарынан ұйымдастырып келеміз. Биыл электр қуатының құнын өтеуге 2,9 миллион теңге қаражат бөлуді қарастырып отырмыз. Жалпы, Отан үшін от кешкен жауынгерлерді сыйлап, оларға құрмет көрсету – әрбір қазақстандықтың парызы, – дейді Дүйсен Мерғалиев.

Ажар САҒАТБЕКОВА

Осы айдарда

Back to top button