Қоғам

Жалпыкомандалық – есепте екіншіміз

Жалпыкомандалық - есепте екіншіміз

Испания мен Словакияда өтіп жатқан қысқы дүниежүзілік қысқы Универсиадада қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетуде. Бүгінгі күні ұлттық құраманың қоржынында – алты медаль. Жалпыкомандалық есепте – екіншіміз. Бұл арада біздің облыс шаңғышыларының жеңістерін атап өткен дұрыс.
Осы жарыстың алғашқы күнінде алғашқы алтын медальды алған жерлесіміз Анастасия Слонова көп ұзатпай тағы бір жүлдемен қуантты. Словакияның Штребске Плесо тау шаңғы базасында ұйымдастырылған спринтерлік жарыста ол мәреге екінші болып жетіп, күміс медальды мойнына тақты. Риддерлік шаңғышы 5 шақырымдық қашықтықты классикалық стильде 13 минут, 09,5 секунд көрсеткішпен жүгіріп өтті. Бірінші келген ресейлік Оксана Усатовадан біздің қыз бар-жоғы 18,1 секундқа қалып қойды. Үшінші жүлде тағы бір ресейлік спортшы Лилия Васильеваға бұйырды.
Айта кетейік, Анастасиямен бірге әрқайсысы бес шақырымнан тұратын бұл эстафетаға Анна Стоян мен Виктория Ланчакова да қатысқан болатын.
Сонымен қатар, Осрбле қаласында (Словакия) өткізілген жарыста семейлік биатлоншы Галина Вишневская жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол 2×6 + 2×7,5 шақырымдық аралас эстафетада командаластары Анна Кистанова, Максим Браун және Василий Подкорытовпен бірге күміс медаль иегері атанды. Бұл сайыста бірінші орын ресейліктерге бұйырса, жеңіс тұғырының үшінші сатысына Украина елінің өкілдері жайғасты.
Осыған дейінгі жарыстардың қорытындысы бойынша Ресей құрамасы 12 алтын, 10 күміс және 10 қола медальмен көш бастаса, жалпыкомандалық екінші орында 2 алтын, 4 күміс медальмен Қазақстан құрамасы орналасты. Үздік үштікті 2 алтын, 1 күміс, 2 қоламен поляктар түйіндеп тұр.

Серік Әбілхан

Осы айдарда

Back to top button