Экономика
Жаңа зауыт алдағы жылы іске қосылады
Өскеменде қатты қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу туралы шешімге қол қойылды. Бұл зауыт 2014 жылдың тамыз айында пайдалануға берілмек.
– Жаңа нысан Лесной кентінің полигонындағы 4 гектар жерге салынады. Кәсіпорынға жалпы сомасы 50 миллион еуро инвестиция тартылды. Қазіргі уақытта құрылысқа жер беру жұмыстары аяқталды, – деді қала әкімінің орынбасары Оксана Желякова.
Учаскені сумен, жылумен, канализациямен, электр қуатымен қамтамасыз ету және қалдықтарды сақтау мәселелері шешілген. Алдын ала есептеулер бойынша, зауыттың қуаты жылына 100 мың тонна қалдықты қайта өңдеуге жетеді.
Шығыс-Ақпарат