Қоғам

Жаңа тұрғын үйдің кілтін тапсырды

Жаңа тұрғын үйдің кілтін тапсырды


Тоғыз жолдың торабында жатқан Аягөз өңірі дамудың жаңа дүмпуін бастан кешуде. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік және құрылыс нысандарын аралап, азаматтарды қабылдады.

Облыс бойынша үш ауысыммен білім беретін жалғыз аудан осы Аягөз. Аудан орталығында салынып жатқан 600 орындық қос мектеп осы мәселені біржола шешуі тиіс. Биылғы ҰБТ-да Қазақстан бойынша 138 балл жинаған сегіз оқушының екеуі осы ауданнан шығыпты.

Аягөз қаласында 1993 жылдан бері алғаш рет жаңа тұрғын үй қолданысқа берілді. 50 орындық жатақханадан баспана бұйырған жас отбасылар аймақ басшысының қолынан пәтер кілтін алды.

Аягөздік педагогтармен кездесуде облыс басшысы келесі жылдан бастап «Туған мектеп» бағдарламасы қолға алынатынын жеткізді. Кәсіпкерлердің демеушілігімен іске асатын игі бастама облыстағы 297 мектептің материалдық базасын Назарбаев зияткерлік мектебінің деңгейімен теңестіруді көздейді. Осы бағдарлама аясында 190 робот техникасы сыныбы ашылмақ.

Бұл туралы толық газетіміздің келесі санынан оқисыздар.

Есімжан Нақтыбайұлы

Осы айдарда

Back to top button