Жаңа талаптар кеңінен түсіндірілді

2015 жылдың соңында мемлекеттік қызметшілерге қатысты бірнеше маңызы зор, талабы жоғары заңнамалар мен нормативтік құқылық актілер қабылданған.
Мысалы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, 2015 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар» бекітілді. Аталған құжат «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 12 қадамын іске асыру аясында қабылданған. Аталған Жарлыққа сәйкес жаңа институт – әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілді, оның арнайы Ережесі бекітілді.
Аталмыш заңнамаларды дәріптеу және түсіндіру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен тұрақты түрде семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Сондай шаралардың бірі департамент басшысы Ж.Қабдолдақызы мен Департаменттің мемлекеттік қызмет саласына бақылау басқармасының басшысы А.Кармановтың қатысуымен жұмысшы тобы құрылып, алты ауданда аудан акивтерінің қатысуымен үлкен жиындар өтті. Аталған іс-шарада жоғарыда аталған заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілерден туындайтын негізгі мәселелер жөнінде сөз қозғалды. Атап айтқанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынан және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінен (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) туындайтын мәселелер қаралып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Жанна Қабдолдақызы мемлекеттік органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мәселесіне кеңінен тоқтады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлықтың жалпы стандартын сақтау кезінде қызметшінің жеке мүдесі мен оның лауазымдық өкілеттігі арасында оның жеке мүдесі лауазымдық өкілеттігі алдында шешуші рөл атқарып, жеке мүделердің қақтығысы орын алуы мүмкіндігін атап айтып, жеке мүделердің қақтығысы фактілерін анықтау мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдар, сонымен қатар, квазимемлекеттік секторлар субъектілері арасында сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы саласындағы өкілетті орган ретінде департаментпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдігін анықтау жөнінде сырттай сараптама өткізілетіндігін еске салды.
Жеке мүделердің қақтығысын анықтау мақсатында департаментпен тұрақты түрде азаматтардың арыздары мен өтініштеріне аталған мәселе бойынша талдау, бұқаралық ақпарат көздеріне, әлеуметтік жүйелерге зерделеу жасалатынын, азаматтық қоғамдармен бірге түсініктеме жұмыстары жүргізілетінін, арнайы топтың жұмысы шеңберінде жақын туыстардың бірге жұмыс істеуі фактілері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілетіндігін атап өтті.
Сондай ақ жұмысшы топ аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кадрлармен қызметі әдеп жөніндегі уәкілдерімен бірігіп, тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жүйелеріндегі аккаунттарына үнемі Президенті Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарының сақталуы бөлігі бойынша мониторинг өткізулері қажет екендігін айтты. Яғни, әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін фотосуреттерді және басқа материалдарды жеке әлеуметтік жүйеде орналастырмау жөнінде түсіндірме жұмыстарын үнемі жүргізу тапсырылды.
Қолданыстағы «Қазақстан Республасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңы мемлекеттік қызметшілер алдында жаңа талаптар қойған. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметші алдында өз қызметін жоғарғы деңгейде атқару, сонымен қатар, мемлекеттік кәсіпқой аппараттың құрылуына жағдай жасау мақсаты қойылған. Айтылған жиындарда жоғарыда қозғалған талаптар төңірегінде сөз қозғалып, мемекеттік органдардың міндеттері айқындалды.
А.Тайсарин,
Мемлекеттік қызмет
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы