Қоғам

Жаңа маркалы автобустар жолға шықты

Жаңа маркалы автобустар жолға шықты


Кеше Семейге арнайы жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Даниал Ахметов Орталық алаңда жаңа автобустардың кілтін табыстады. Тұрғындарды жолаушы тасымалы саласындағы қол жеткен жетістіктермен құттықтады.

-Бүгін – ерекше қуанышты күн, семейліктерді осындай жағымды жаңалықпен құттықтаймын,-деді облыс әкімі Даниал Ахметов. Естеріңізге салсақ, осыдан екі жыл бұрын қоғамдық көлік жұмысын тексердім. Газ трубасы автобустың ішіне шығып тұрған қоғамдық көлікте сіздермен бірге отырып көрдім. Содан бастап қоғамдық көлік жұмысын өз бақылауымда ұстап, автобус парктерін жаңарту мәселесін бірнеше рет көтердім. Жұмыс оң нәтижесін берді. Осындай қуанышты сәттер Семейде көбірек бола берсін. Ал жыл соңында Қарағайлыда сіздер көптен күткен «Абай-Арена» ашылатын болады. Халықтың әл-ауқатын арттыру – біздің басты назарымызда.

Жаңа автобустардың сапасын тексеріп көрген облыс әкімі Даниал Ахметов ерекше риза болып, көлік жүргізушілері мен кондукторларға сәт сапар тіледі. Жолаушылар тасымалын дамытудың кешенді бағдарламасы аясында Семей қаласында жылдың соңына дейін 110 автобус құрастырылмақ. Бүгін 60 автобус Орталық алаңда қаздай тізіліп тұрды. «Dаewoo bus Kazakhstan» көлік құрастыру зауыты директорының орынбасары Марат Мәкішевтің айтуынша, Атырау қаласына арналған автобустарды құрастыру аяқталыпты.

Содан кейін, міне, бүгін Семей қаласына арналған автобустар құрастырылды. Келісімшарт бойынша 110 \”Daewoo\” және 60 \”Dong Feng\”маркалы автобусы алдағы уақытта жұмысқа шығуға дайын. Оның айтуынша, қазір ғана тұсауы кесілген 60 автобустың біразы үлкен класты, қалғаны орта және шағын класты. Автобус құрастыруда қазақстандық үлес 40-45 пайызды құрайды. Автобус шанағы көлік құрастыру зауытының өзінде дайындалады. Автобустарға 24 ай мерзімінде кепілдік беріледі. Жоспар бойынша автобус құрастыру жұмыстары алдағы айларда толық аяқталады.

Раушан Нұғманбекова

Осы айдарда

Back to top button