Қоғам

Жаңа автобекет ашылды

Жаңа автобекет ашылды


Аудан орталығында қазіргі уақыт талабына сай жабдықталған, ел-жұртты сапалы қызметпен қамтамасыз етуді мақсат еткен «Алдияр» автобекеті ашылды.

Автобекеттің құрылысын Үржар ауданының тумалары, жеке кәсіпкерлер Ғабдылмұрат Қазанбасов пен Захар Сур 2015 жылдың маусымында бастап, бүгінгі күндері пайдалануға берді.

Автобекетте заманауи талаптарға сай күту залы, асхана, билет кассасы, демалатын орын, дәріхана, медициналық пункт, жүргізушілерге арналған демалыс орны, бала мен анаға арналған бөлме, тіректі пункт, жүк сақтау қоймасы бар. Сондай-ақ, 50 көлікке арналған автотұрақпен қамтамасыз етілген.

Құрылыс кезінде біраз адамдарды жұмыспен қамтыса, қазір 10 адамға жаңа жұмыс тауып беріп отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта қонақ үй іске қосылады деп жоспарлануда.

Бейсенғазы Ұлықбек
Үржар

Осы айдарда

Back to top button