Қоғам

Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді

Семейдегі денешынықтыру-сауықтыру кешені бұдан былай даңқты спортшы, грек-рим күресінен Олимпияда чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімімен аталатын болды.  

– Қазақ жерінде спорт қай кезде де жақсы дамыған. Оған еңбек сіңіргендер қатарында Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров те бар. Даңқты спортшы есімі Семей қаласымен тығыз байланысты. Өйткені Жақсылық Әмірәліұлы осы қалада оқыды, білім алды. Спортқа алғаш қанат қақты. Міне, бүгін әйгілі балуанның ізінен ерген ізбасарлары жаттығатын әдемі спорт кешенін спортшының есімімен атап жатырмыз. Құтты болсын! Спортшы жастарымыздың қатары арта берсін, – деп атап өтті салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Даниал Ахметов.

Айта кетейік, Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Свердловск ауданы, Дихан ауылында дүниеге келген. Грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Әлем кубогының жүлдегері, екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Раушан Нұғманбекова

Осы айдарда

Back to top button